KAZ



RUS






МҰҒАЛІМГЕ
КӨМЕК




МҰҒАЛІМ
КІТАПХАНАСЫ




ҚАЗАҚСТАН
ХАЛҚЫНЫҢ
ЕРТЕГІЛЕРІ



БІЛІМ
БЕРУДЕГІ
ИННОВАЦИЯЛАР

СЫЙЛЫҚ
ДАНАЛАРЫ



«JAN’A BILIM» компаниясы әдеттегі және сыйлық форматтарда кітаптар шығарады. Ата-аналар, аталар мен әжелер, тәрбиешілер мен мұғалімдер, балабақшалар мен мектептер, демеушілер нақты балаға өз ізгі тілектерін кітаптың алғашқы бетінде (форзацта) типографиялық тәсілмен басылған сый-жоралғы түрінде білдіре алады.

Республикамыздың оқу мекемелерінде бірінші сынып оқушыларына, мектеп бітірушілеріне, бірінші курс студенттеріне, мұғалімдерге ізгі тілектер жазылған кітаптарды сыйға тарту жақсы дәстүрге айналғаны игі болар еді.

Әр ай сайын сайтта «тапсырыс терезесі» жұмыс істейтін болады. Тапсырыс берген кезде тілектің кімге арналғанын (аты-жөні) және тілек білдіруші өзі туралы тиісті мәліметтерді көрсету керек. Тілектер кез келген тілде болуы мүмкін. «Тапсырыс терезесі» жұмыс істеп тұрған уақытта қабылданған тапсырыс 1 айдың ішінде дайындалып, тиісті мекен-жайға жіберілетін болады.

Тапсырыс QIWI әмиянға төлем құнының 50% алдын ала төлеген жағдайда орындалады. Төлем құнының қалған бөлігі «Қазпошта» АҚ арқылы тауарды алған кезде төленеді. Тауар «Қазпошта» АҚ арқылы (Қазақстан бойынша) тұтынушыға тапсырыста көрсетілген елді мекеннің пошта бөлімшесіне жеткізіледі. Жеткізу құны мен уақыты «Қазпошта» АҚ тарифтеріне сәйкес есептеледі.


Сіздің мәтініңіз сыйлық кітаптардың форзацында төменде көрсетілгендей етіп жазылуы мүмкін.


Айналайын Ару мен Айгерім!

Сендер бүгін ата-бабамыз ежелден аңсаған бақытты заманда өмір сүріп жатырсыңдар. Өмір болған соң оның қызығымен қатар қиындығы да кездеседі. Оған да дайын болу керек. Осы орайда ұлы ағартушымыз Ыбырай Алтынсариннің мына ұлағатты сөздері жадыларыңда жүрсін:

«Үш жолаушы бір бұлақтың басында бір-біріне кез болыпты. Су шыққан жерге біреу қазандай бір тасты ойып мынадай жазу жазыпты:

«Болсаң, осы бұлақтай бол», — деп. Үш жолаушы бұлақтан су ішіп қанған соң жазуды оқыпты. Біреуі саудагер екен, ол айтыпты:

– Бұл жазылған ақылды сөз екен, бұлақ күн-түні тынбай ағып, алыс жерлерге барады, бара-бара кеңейіп, үлкейеді, бұған басқа бұлақтар құйып, сөйтіп үлкен өзен болып кетеді. Мұның мұраты – «Адам, тынбай қызмет қыл, ешуақытта жалқауланып тоқтап қалма, сөйтсең сен де зорайып мұратыңа жетесің» дегені деп білемін, – дейді.

Екінші жолаушы молда екен, ол басын шайқап:

– Бұл жазудың мағынасы: бұлақ кім-кімге болса да даяр, ыстықтағанды салқындатып, жанын рақаттандырады, сусағанның сусынын қандырады, ол үшін ешкімнен ақы дәметпейді. Олай болса, адамға: біреуге жақсылық жасасаң, ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе дегені болса керек, – дейді.

Үшінші жолаушы жас жігіт екен, ол біраз ойланып, былай депті:

– Егер бұл бұлақтың суы бір орында тынып тұрып, шөп-шалам түсіп, лай-қоқым болса, бұған адам мен хайуан мұнша ынтық болмас еді. Бұлақ күні-түні тынбай ағып, тазаланып тұрғаны үшін ынтық болады. Олай болса, көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта дегені шығар, — дейді».

Сендер де осындай әділ де таза болыңдар, өмірлерің баянды болсын!

Атаң Жарас Ескенұлы                  Әжен Нағима Болатқызы


Санат
Мұғалім көмек
Мұғалімдер кітапханасы
Қазақстан халықтарының ертегілері
Білім берудегі инновация

Жалпы
Біз туралы
Ынтымақтастық
Ақы төлеу және жеткізу
Байланыс
Менің аккаунтым
Профилі
Тапсырыстар
Таңдаулы



© Copyright 2018 - 2019
Janabilim.kz
ТОО «Jan’a bilim»