KAZ



RUS






МҰҒАЛІМГЕ
КӨМЕК




МҰҒАЛІМ
КІТАПХАНАСЫ




ҚАЗАҚСТАН
ХАЛҚЫНЫҢ
ЕРТЕГІЛЕРІ



БІЛІМ
БЕРУДЕГІ
ИННОВАЦИЯЛАР

СЫЙЛЫҚ
ДАНАЛАРЫ



Global teacher status index 2018

Global teacher status index 2018

Global teacher status index 2018

ISBN: 978-1-5272-3293-8

Тілі: Английский


Be kind, curious and brave

Be kind, curious and brave

Be kind, curious and brave

ISBN:

Тілі: Английский


Қысқаша дайджест

Әлемдегі мұғалімнің мәртебесі. 2018 ж көрсеткіші

2018 жылы жүргізілген осы зерттеуде (2018 көрсеткіші) қоғамдағы мұғалімнің жағдайы мен мектептегі балалардың үлгерімі арасындағы байланыстың академиялық дәлелі берілген зерттеудің нәтижесі ұсынылған. Жұмыстың авторлары Питер Долтон, Оскар Марсенаро, Роберт Де Вриес және По- Вен Ши Сассекс Университеті болып табылады. Зерттеу негізгі жеті бөлімнен тұрады: Кіріспе және қысқаша мазмұн. 2018 жылғы мұғалімнің жаһандық мәртебесінің көрсеткіші. Оқыту мамандық ретінде. Мұғалімнің жұмыс уақыты және жалақысы. Мұғалім мәртебесіне жасырын көзқарастардың бағасы. Үздік білім беру жүйесі. Негізгі қарым-қатынас және саяси салдары. Әрбір бөлімде зерттеу барысында алынған деректердің талдауы қамтылып, зерттеуге қатысушылардың талданған жауаптары диаграмма және кестеде ұсынылған.

Осы зерттеу 5 жыл аралғында екінші рет өткізілді. Бес жылдан соң бұл жұмыс алдыңғы нәтиже мен бүгінгі нәтиженің ескере отырып, жаңа талдауды ұсынады. Бірінші зерттеуде 21 елдің респонденттері қатысса, 2018 жылғы зерттеу 35 елде жүргізілді. Авторлар бес жыл ішінде, сауалнаманың инновациялық дизайнын құрастырып, 2018 жылдың сауалнама сұрақтарына бірқатар элементтерді кіріктірді. Біріншіден, жоғарыда атап айтылғандай, қатысушы елдердің саны көбейтіліп, іріктеу жүргізілді. Екіншіден, жаңа сауалнамадағы іргелі өзгеріс 27 елден 200 мұғалімдерден қосымша іріктеу жасалынды. Бұл қосымша іріктеуді жүргізу қоғамның мұғалімдер және білім беру жүйесі туралы не ойлайтынын, ал мұғалімдер қоғамдағы өзінің жұмысы және өзі жұмыс жасайтын жүйесі туралы не ойлайтынын салыстыруға қажет болды. Сауалнамадағы GTSI 2018ж үшінші маңызды жаңа компонент жабық (интуитивтік) тапсырмалар мұғалімдер мен қалың жұртшылықтың көзқарастары мен пікірлерін анықтауға арналды. Атап айтқанда, мұғалімдер мен олардың рөліне, тәртіпке, маңыздылығына қарай орналастыруға және ескерілген пікірлерге қатысты сараланған жауаптарға негізделген 2013 жылғы сұрақтарға «Сұрақтарға жылдам интуитивті жауаптар» элементтері қосылды, олардың көмегімен адамдардың саналық реакциялары мен мұғалімдерден алған әсерлері өлшенді. Демек, авторлар адамдардың ұзақ рефлексивті үдеріс арқылы қалыптасқан көзқарастарын емес, табиғи, жете ойластырылмаған көзқарастарын пайдаланып қалуға тырысты. Төртінші жаңа эдемент - жаңа идеяларды ашуға арналған сауалнаманың заманауи әдісі қолданылды. Мысалы, респонденттерге сұрақтарға басқа визуалды ынталандырушы бейненің көмегімен жауап берген кезде, адамдардың ақпаратты қабылдауын өзгертуді зерттеуге көмектесетін визуалды "итермелеу" ұсынылды, Бесінші элемент – ұсынылған жағдаяттық сұрақтарға эксперименттік түсінік беру енгізілді. Осындай сұрақтар арқылы, авторлар білім беруге қанша жұмсау керектігі туралы адамдардың пікірлерін жинап, білім беруге жұмсайтын шығындардың рөлін білуге тырысты.

Зерттеуде осы сауалнаманың нәтижелері жинақталып, бес негізгі бөлім бойынша ұсынылды:

Мұғалімді құрметтеудің көптеген аспектілері бар, алайда осы зерттеу үшін төрт көрсеткіші ең пайдалы деп танылды:

Алынған деректер қарастырылған елдердегі мұғалімнің мәртебесі мен оқушылардың нәтижелері арасында байланыстың барын көрсетеді. Басқа сөзбен айтқанда, мұғалімнің жоғары мәртебесі «құрметті адам» ретінде ғана емес, мұғалімнің мәртебесін көтеру барлық елдердегі оқушы үлгерімінің жақсаруына тікелей ықпал етеді. Авторлардың пікірінше, министрлер мұғалімнің мәртебесіне байыппен қарап, оны жақсартуға күш-жігер салуы тиіс.

Зерттеуде мұғалімдердің әлеуметтік мәртебесін анықтаудың маңыздылығын атап көрсетеді. Зерттеуде «мұғалімдер» деген көзқарастан білім беру жүйесінің сапасы туралы көзқарастың бөлектеніп тұрғанын ерекше атап өтеді. Бұл айырмашылықты әртүрлі елдер арасындағы және олардың білім беру жүйелерінің тиімділігі тұрғысынан түсіндіреді. Қоғамның мұғалімдерді қалай қабылдайтындықтары бойынша әртүрлі елдерде салмақты айырмашылықтар бар. Бұл айырмашылықтар әрбір елде кім мұғалім болуды шешетіні, мұғалімдерді қалай құрметтейтіні және олар материалдық жағынан қалай марапатталып отыратыны туралы ақпаратты береді. Бұл өз кезегінде мұғалімдердің балаларды оқытуда қандай жұмысты орындайтынына, қаншалықты өздерінің оқушыларынан жақсы нәтижелер алатынына ықпал етеді. Сонымен қатар, «мұғалім» мамандығы туралы қоғамның пікірі педагогтің мәртебесіне ықпал етеді. Әртүрлі елдердің деректерін зерттей отырып, авторлар төмендегідей қорытындығы келді:

Санат
Мұғалім көмек
Мұғалімдер кітапханасы
Қазақстан халықтарының ертегілері
Білім берудегі инновация

Жалпы
Біз туралы
Ынтымақтастық
Ақы төлеу және жеткізу
Байланыс
Менің аккаунтым
Профилі
Тапсырыстар
Таңдаулы



© Copyright 2018 - 2019
Janabilim.kz
ТОО «Jan’a bilim»