KAZ



RUS





...

Қазақ халқының ертегілері

Казахские народные сказки

Kazakh folk tales

KAZ:

«Қазақстан халқының ертегілері» топтамасына енген бұл кітап жас оқырмандарды қазақ халқының ертегілерімен таныстырады. Ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекеттері арқылы парасаттылық пен мейірімділіктің үлгісін көрсетеді. Ертегілерде де өмірдегі сияқты тапқырлық пен ептілік жеңіске жетіп, ақымақтық пен тәкаппарлық жеңіліске ұшырайды.

Кітап балалар мен ересектерге арналған, отбасымен оқуға ұсынылады.

RUS:

Эта книга из серии «Сказки народа Казахстана» открывает читателю удивительный мир казахских народных сказок. Герои сказок своими поступками и мыслями показывают уроки мудрости и доброты. В сказках, как и в жизни, смекалка и ловкость вознаграждаются, а глупость и самодовольство оказываются в проигрыше.

Книга предназначена для семейного чтения, адресована как детям, так и взрослым.

ENG:

This book from the series “Fairy tales of the people of Kazakhstan” introduces the reader with an amazing world of Kazakh folk tales, where various heroes face many adventures. By their deeds and thoughts, they give lessons of wisdom and kindness. Fairy tales reflect real life, where smartness and agility are rewarded, while stupidity and complacency prove to be losing.

The book is intended for family reading, recommended for both children and adults.

ISBN: 978-601-80198-3-8

Язык: Казахский, Русский, Английский


Қағаз кітап: 1500.00

В корзину

It appears you don't have a PDF plugin for this browser. No biggie... you can click here to download the PDF file.


В подарочном экземпляре на форзаце может быть помещен ваш текст (например такой):

Айналайын Ару мен Айгерім!

Сендер бүгін ата-бабамыз ежелден аңсаған бақытты заманда өмір сүріп жатырсыңдар. Өмір болған соң оның қызығымен қатар қиындығы да кездеседі. Оған да дайын болу керек. Осы орайда ұлы ағартушымыз Ыбырай Алтынсариннің мына ұлағатты сөздері жадыларыңда жүрсін:

«Үш жолаушы бір бұлақтың басында бір-біріне кез болыпты. Су шыққан жерге біреу қазандай бір тасты ойып мынадай жазу жазыпты:

«Болсаң, осы бұлақтай бол», — деп. Үш жолаушы бұлақтан су ішіп қанған соң жазуды оқыпты. Біреуі саудагер екен, ол айтыпты:

– Бұл жазылған ақылды сөз екен, бұлақ күн-түні тынбай ағып, алыс жерлерге барады, бара-бара кеңейіп, үлкейеді, бұған басқа бұлақтар құйып, сөйтіп үлкен өзен болып кетеді. Мұның мұраты – «Адам, тынбай қызмет қыл, ешуақытта жалқауланып тоқтап қалма, сөйтсең сен де зорайып мұратыңа жетесің» дегені деп білемін, – дейді.

Екінші жолаушы молда екен, ол басын шайқап:

– Бұл жазудың мағынасы: бұлақ кім-кімге болса да даяр, ыстықтағанды салқындатып, жанын рақаттандырады, сусағанның сусынын қандырады, ол үшін ешкімнен ақы дәметпейді. Олай болса, адамға: біреуге жақсылық жасасаң, ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе дегені болса керек, – дейді.

Үшінші жолаушы жас жігіт екен, ол біраз ойланып, былай депті:

– Егер бұл бұлақтың суы бір орында тынып тұрып, шөп-шалам түсіп, лай-қоқым болса, бұған адам мен хайуан мұнша ынтық болмас еді. Бұлақ күні-түні тынбай ағып, тазаланып тұрғаны үшін ынтық болады. Олай болса, көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта дегені шығар, — дейді».

Сендер де осындай әділ де таза болыңдар, өмірлерің баянды болсын!

Атаң Жарас Ескенұлы



Санат
Мұғалім көмек
Мұғалімдер кітапханасы
Қазақстан халықтарының ертегілері
Білім берудегі инновация

Жалпы
Біз туралы
Ынтымақтастық
Ақы төлеу және жеткізу
Байланыс
Менің аккаунтым
Профилі
Тапсырыстар
Таңдаулы



© Copyright 2018 - 2019
Janabilim.kz
ТОО «Jan’a bilim»