KAZ



RUS





...

Орыс халық ертегілері

Русские народные сказки

KAZ:

«Қазақстан халқының ертегілері» сериясы бойынша орыс халқының ертегілері – бұл жан-жануарлар мен қияли кейіпкерлердің шытырман оқиғалары туралы қызықты да таңғажайып хикаялар. Онда түлкі мен тырна, қоян, аю мен қасқыр, Иван патша мен ханшайым бақа, Жалмауыз кемпір мен Өлмес Кощей сияқты кейіпкерлермен танысып, ертегілер еліне саяхат жасайды, жақсы мен жаманды айыра біледі. Балалардың өздері кітаптағы түрлі иллюстрацияларды бояп алуына болады. Әрине, мұның бәрі балалардың жан-жақты ықыласын арттырып, қуанышқа бөлей түсері сөзсіз.

Кітап әрбір отбасына, ондағы кішкентай балалар мен ересектерге де арналады.

RUS:

Русские народные сказки из серии «Сказки народа Казахстана» – это интересные занимательные повествования об удивительных приключениях забавных зверят и сказочных персонажей, как лиса и журавль, заяц, медведь и волк, Иван-царевич и Царевна-лягушка, Баба Яга и Кощей Бессмертный. Читатель окунется в волшебный мир сказок о доброте, заботе и верности. Большие и красочные иллюстрации, раскраски для детей, несомненно, доставят вашему малышу удовольствие и радость.

Книга предназначена для семейного чтения, адресована как детям, так и взрослым.

ISBN: 978-601-80198-3

Язык: Русский


Қағаз кітап: 950.00

В корзину

It appears you don't have a PDF plugin for this browser. No biggie... you can click here to download the PDF file.


В подарочном экземпляре на форзаце может быть помещен ваш текст (например такой):

Айналайын Ару мен Айгерім!

Сендер бүгін ата-бабамыз ежелден аңсаған бақытты заманда өмір сүріп жатырсыңдар. Өмір болған соң оның қызығымен қатар қиындығы да кездеседі. Оған да дайын болу керек. Осы орайда ұлы ағартушымыз Ыбырай Алтынсариннің мына ұлағатты сөздері жадыларыңда жүрсін:

«Үш жолаушы бір бұлақтың басында бір-біріне кез болыпты. Су шыққан жерге біреу қазандай бір тасты ойып мынадай жазу жазыпты:

«Болсаң, осы бұлақтай бол», — деп. Үш жолаушы бұлақтан су ішіп қанған соң жазуды оқыпты. Біреуі саудагер екен, ол айтыпты:

– Бұл жазылған ақылды сөз екен, бұлақ күн-түні тынбай ағып, алыс жерлерге барады, бара-бара кеңейіп, үлкейеді, бұған басқа бұлақтар құйып, сөйтіп үлкен өзен болып кетеді. Мұның мұраты – «Адам, тынбай қызмет қыл, ешуақытта жалқауланып тоқтап қалма, сөйтсең сен де зорайып мұратыңа жетесің» дегені деп білемін, – дейді.

Екінші жолаушы молда екен, ол басын шайқап:

– Бұл жазудың мағынасы: бұлақ кім-кімге болса да даяр, ыстықтағанды салқындатып, жанын рақаттандырады, сусағанның сусынын қандырады, ол үшін ешкімнен ақы дәметпейді. Олай болса, адамға: біреуге жақсылық жасасаң, ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе дегені болса керек, – дейді.

Үшінші жолаушы жас жігіт екен, ол біраз ойланып, былай депті:

– Егер бұл бұлақтың суы бір орында тынып тұрып, шөп-шалам түсіп, лай-қоқым болса, бұған адам мен хайуан мұнша ынтық болмас еді. Бұлақ күні-түні тынбай ағып, тазаланып тұрғаны үшін ынтық болады. Олай болса, көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта дегені шығар, — дейді».

Сендер де осындай әділ де таза болыңдар, өмірлерің баянды болсын!

Атаң Жарас Ескенұлы



Санат
Мұғалім көмек
Мұғалімдер кітапханасы
Қазақстан халықтарының ертегілері
Білім берудегі инновация

Жалпы
Біз туралы
Ынтымақтастық
Ақы төлеу және жеткізу
Байланыс
Менің аккаунтым
Профилі
Тапсырыстар
Таңдаулы



© Copyright 2018 - 2019
Janabilim.kz
ТОО «Jan’a bilim»