KAZ



RUS





...

Ұйғыр халық ертегілері

Уйгурские народные сказки

KAZ:

«Қазақстан халқының ертегілері» сериясы бойынша шығатын ұйғыр ертегілерінің де балалар үшін берері көп. Тентек бала, дана адам сияқты түрлі мінезді кейіпкерлер ұйғыр халқының шығармашылығын, салты мен дәстүрін танытады, мейірімділік пен зұлымдықты, өтірік пен шындықты, айла мен тапқырлықты айыра білуге үйретеді.

Кітап әрбір отбасына, ондағы кішкентай балалар мен ересектерге де арналады.

RUS:

Уйгурские сказки из серии «Сказки народа Казахстана» – благодатный материал для занятий с детьми. Герои озорных, мудрых и добрых сказок откроют красочный мир народного творчества, традиций и обычаев уйгурского народа, учат отличать добро от зла, смекалку от хитрости и обмана.

Книга предназначена для семейного чтения, адресована как детям, так и взрослым.

ISBN: 978-601-80198-3-8

Язык: Уйгурский, Русский


Қағаз кітап: 1050.00

В корзину

It appears you don't have a PDF plugin for this browser. No biggie... you can click here to download the PDF file.


В подарочном экземпляре на форзаце может быть помещен ваш текст (например такой):

Айналайын Ару мен Айгерім!

Сендер бүгін ата-бабамыз ежелден аңсаған бақытты заманда өмір сүріп жатырсыңдар. Өмір болған соң оның қызығымен қатар қиындығы да кездеседі. Оған да дайын болу керек. Осы орайда ұлы ағартушымыз Ыбырай Алтынсариннің мына ұлағатты сөздері жадыларыңда жүрсін:

«Үш жолаушы бір бұлақтың басында бір-біріне кез болыпты. Су шыққан жерге біреу қазандай бір тасты ойып мынадай жазу жазыпты:

«Болсаң, осы бұлақтай бол», — деп. Үш жолаушы бұлақтан су ішіп қанған соң жазуды оқыпты. Біреуі саудагер екен, ол айтыпты:

– Бұл жазылған ақылды сөз екен, бұлақ күн-түні тынбай ағып, алыс жерлерге барады, бара-бара кеңейіп, үлкейеді, бұған басқа бұлақтар құйып, сөйтіп үлкен өзен болып кетеді. Мұның мұраты – «Адам, тынбай қызмет қыл, ешуақытта жалқауланып тоқтап қалма, сөйтсең сен де зорайып мұратыңа жетесің» дегені деп білемін, – дейді.

Екінші жолаушы молда екен, ол басын шайқап:

– Бұл жазудың мағынасы: бұлақ кім-кімге болса да даяр, ыстықтағанды салқындатып, жанын рақаттандырады, сусағанның сусынын қандырады, ол үшін ешкімнен ақы дәметпейді. Олай болса, адамға: біреуге жақсылық жасасаң, ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе дегені болса керек, – дейді.

Үшінші жолаушы жас жігіт екен, ол біраз ойланып, былай депті:

– Егер бұл бұлақтың суы бір орында тынып тұрып, шөп-шалам түсіп, лай-қоқым болса, бұған адам мен хайуан мұнша ынтық болмас еді. Бұлақ күні-түні тынбай ағып, тазаланып тұрғаны үшін ынтық болады. Олай болса, көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта дегені шығар, — дейді».

Сендер де осындай әділ де таза болыңдар, өмірлерің баянды болсын!

Атаң Жарас Ескенұлы



Санат
Мұғалім көмек
Мұғалімдер кітапханасы
Қазақстан халықтарының ертегілері
Білім берудегі инновация

Жалпы
Біз туралы
Ынтымақтастық
Ақы төлеу және жеткізу
Байланыс
Менің аккаунтым
Профилі
Тапсырыстар
Таңдаулы



© Copyright 2018 - 2019
Janabilim.kz
ТОО «Jan’a bilim»