KAZ



RUS





Біз Сіздерге және сіздермен бірге жұмыс істейміз!

Құрметті автор!


Біз мектептерде талай-талай тамаша педагогтардың бар екендігін білеміз, сол себепті де оларға арқа сүйеп, олардың озық педагогикалық тәжірибелерін тарататын боламыз. «Jan’a bilim» компаниясы мұғалімнің қызметін жақсартатын материалдарға қызығушылық танытады (кітаптар, әдістемелік құралдар, пәндер мен сыныптар бойынша сабақ жоспарларының толық кешендері).

Материалдар 4 тілде қабылданады: қазақ, орыс, ұйғыр және ағылшын.

Материалдарды басылымға дайындауды біздің мамандармыз сіздің кез келген үдеріске қатысуыңызбен жүзеге асырады.

Кәсіби редакторлар, корректорлар, компьютерлік верстка жасау операторлары, дизайнерлер қолжазбаны жылдам әрі кәсібилікпен жарыққа шығаруға дайындайды.

Басылымдарға әрекеттегі заңдарға және мемлекеттік стандарттарға сәйкес шығарылым деректері беріледі: Кітаптың халықаралық стандарт нөмері (ISBN), библиографиялық сипаттама, біліктілік (УДК және ББК) пен авторлық құқықты қорғау белгілері, сонымен бірге баспахананың шығарылым деректері.

Авторлармен жұмыс заңды және қаржылық мазмұндағы жеке келісім-шарттар негізінде жасалады. Басылым авторларына қажетті сертификаттар беріледі.

«Jan’a bilim» компаниясы жеке келісім-шарттарға сәйкес авторларға сыйақы төлейді.


Бізбен бірлесе әрекеттесуді бастау өте оңай!

Ол үшін өз шығармаңыздың қысқаша сипаттамасын (абстракт) компанияның электрондық поштасына DOC (MS Word) форматында жіберу керек. Хатта автор (немесе авторлар) туралы және байланыс деректерін көрсетіңіз. Өзара әрекеттесу шарттары шығарманы құптағаннан кейін ғана талқыланады.

Компания 2019 жылдың 01 маусымынан бастап мынадай бағыттарда конкурс жариялауды жоспарлауда:

  • Әдістемелік құралдар (тақырыптар бойынша)
  • Қысқа мерзімді жоспарлар
  • Орта мерзімді жоспарлар
  • Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар
  • Пән кабинеттерінің мазмұны мен безендірілуі
  • Оқу-көрнекі жабдықтар
  • Мектеп аулаларын безендіру (ландшафт дизайны)

Байқау барысында қатысушыларға сертификаттар беріліп, еңбектерін басып шығару үшін және сыйақы бойынша келісімшарттар жасалмақ.

2019 жылдың 01 маусымынан бастап біздің оқырмандар арасында 2019-2020 оқу жылында консалтингті қызмет көрсету және онлайн-курстар өткізу бойынша сауалнама жүргізіледі.




Санат
Мұғалім көмек
Мұғалімдер кітапханасы
Қазақстан халықтарының ертегілері
Білім берудегі инновация

Жалпы
Біз туралы
Ынтымақтастық
Ақы төлеу және жеткізу
Байланыс
Менің аккаунтым
Профилі
Тапсырыстар
Таңдаулы



© Copyright 2018 - 2019
Janabilim.kz
ТОО «Jan’a bilim»