KAZ



RUS





Біз Сіздерге және сіздермен бірге жұмыс істейміз!

Құрметті әріптестер!

Көз ілеспес жылдамдықпен өзгеріп бара жатқан әлемде мұғалімнің өз шәкірттеріне үнемі үлгі көрсететін басты кәсіби қасиеті тұрақты түрде үйрену мен өзінің кәсіби біліктілігін арттыру болып табылады.

«Jan’a bilim» компаниясы өз жұмысын бастап, мұғалімге өз қызметін жаңартуда нақты көмек көрсетуге, мектеп мұғалімдері, колледж бен ЖОО педагогтарына әдістемелік жәрдем беруге, республика ұстаздар қауымын әлемдік педагогиканың соңғы жаңалықтарымен таныстыруға, мектеп бағдарламасының барлық пәндері бойынша сабақ жоспарларының толық кешендері мен әдістемелік әдебиеттерді жарыққа шығаруға бағытталады.

Біз мектептерде талай-талай тамаша педагогтардың бар екендігін білеміз, сол себепті де оларға арқа сүйеп, олардың озық педагогикалық тәжірибелерін тарататын боламыз. «Jan’a bilim» компаниясы мұғалімнің қызметін жақсартатын материалдарға қызығушылық танытады (кітаптар, әдістемелік құралдар, пәндер мен сыныптар бойынша сабақ жоспарларының толық кешендері).

Материалдар 4 тілде қабылданады: қазақ, орыс, ұйғыр және ағылшын.

Материалдарды басылымға дайындауды біздің мамандармыз сіздің кез келген үдеріске қатысуыңызбен жүзеге асырады.

Кәсіби редакторлар, корректорлар, компьютерлік верстка жасау операторлары, дизайнерлер қолжазбаны жылдам әрі кәсібилікпен жарыққа шығаруға дайындайды.

Басылымдарға әрекеттегі заңдарға және мемлекеттік стандарттарға сәйкес шығарылым деректері беріледі: Кітаптың халықаралық стандарт нөмері (ISBN), библиографиялық сипаттама, біліктілік (УДК және ББК) пен авторлық құқықты қорғау белгілері, сонымен бірге баспахананың шығарылым деректері.

Авторлармен жұмыс заңды және қаржылық мазмұндағы жеке келісім-шарттар негізінде жасалады. Басылым авторларына қажетті сертификаттар беріледі.

«Jan’a bilim» компаниясы жеке келісім-шарттарға сәйкес авторларға сыйақы төлейді.


Бізбен бірлесе әрекеттесуді бастау өте оңай!

Ол үшін өз шығармаңыздың қысқаша сипаттамасын (абстракт) компанияның электрондық поштасына DOC (MS Word) форматында жіберу керек. Хатта автор (немесе авторлар) туралы және байланыс деректерін көрсетіңіз. Өзара әрекеттесу шарттары шығарманы құптағаннан кейін ғана талқыланады.

Компания 2019 жылдың 01 маусымынан бастап мынандай бағыттарда конкурс жариялауды жоспарлауда:

  • Әдістемелік құралдар (тақырыптар бойынша)
  • Қысқа мерзімді жоспарлар
  • Орта мерзімді жоспарлар
  • Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар
  • Пән кабинеттерінің мазмұны мен безендірілуі
  • Оқу-көрнекі жабдықтар
  • Мектеп ауларын безендіру (ландшафт дизайны)

Байқау барысында қатысушыларға сертификаттар беріліп, еңбектерін басып шығару үшін және сыйақы боыйынша келісімшарттар жасалмақ.

2019 жылдың 01 маусымынан бастап біздің оқырмандар арасында 2019-2020 оқу жылында консалтингті қызмет көрсету және онлайн-курстар өткізу бойынша сауалнама жүргізіледі.

Сіз нақты ақпаратты кампания сайтының «Ынтымақтастық» бөлімінде конкурс шарттарымен танысқанда ала аласыз.

«Jan’a bilim» компаниясының басқа бағыты «Балалық шақтың субмәдениетін» дамыту болып табылады.

Ғалым-этнограф Л.Н.Гумилев ойыншықтар, ертектер (ең алдымен, халық ойыншығы, ертегі) мәдениеттің ғана емес, сонымен қатар этностың тіршілік ету элементі болып табылады деп айтқан екен.

Қазақтың ұлы ағартушысы Абай айтқандай: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі - білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі - жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген... Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықпен орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны болады».

Мектеп жасындағы балалардың негізгі әрекеті ойын болып табылады, ал ойынның басты құралы – ойыншық. Баланың ойнағанда қандай ойыншықтарды қолданатындығынан оның мінезі мен даму бағыттарының қалыптасуы анықталады.

Ұлы орыс педагогы К. Д. Ушинский былай деп атап өтті: «Бір қыздың қуыршағы тамақ пісіреді, тігін тігеді, кір жуады және киім үтіктейді; екіншісінікі - диванда отырады, қонақтарды қабылдайды, театрға немесе раутқа асығады. Бұл тек ойын кезінде болып, сынған құыршақтармен бірге із-түссіз кетеді деп ойламаныздар, мүмкін осының барлығынан небір ассоциациялық көріністер мен тізбектер пайда болып, баланың ойында қалар, уақыт келе, егер тек бір күшті сезім және ой құмарлатып басқа жолға салмаса, үлкен бір жүйе болып, адамның мінезі және өмір ұстанымына ықпал етер».

Мысалы, қазақтың ұлттық салт-дәстүріне сай жасалған қуыршақты қолына алған бала ұлттық киімнің шығу тарихын біледі, қазақ қызының көркін көлеңкелемей, керісінше, сұлулығын паш ететін киім үлгілерімен танысады.

Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып, жүрсе ақырын,

Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты

Сұлу қыздың көріп пе едің мұндай түрін? – деп ақын Абай сүйсіне өлеңге қосқандай, сұлулыққа тамсану бүкіл адамзат атаулыға ортақ нәрсе болса, халқымыз қыздың көркін жасырмай, сұлулыққа сүйсініп, оны қадірлеу арқылы эстетикалық талғамының жоғары екендігін көрсеткен.

Ойыншықтар баланың денсаулығына және психоэмоционалдық жағдайына зиян келтірмей, табиғи және экологиялық таза материалдардан жасалуы тиіс. Sony корпорациясының негізін қалаушылардың бірі Масару Ибуканың пікірінше, «табиғи материалдардан жасалған ойыншықтар бәрінен бұрын зияткерлігі тез дамып келе жатқан жас бала үшін тамаша ойыншық болып табылады».

Бүгінде «Jan’a bilim» компаниясы қазақ халық ертегілерін, Ы.Алтынсариннің балаларға арналған ертегілерін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде, ұйғыр халық ертегілерін ұйғыр және орыс тілдерінде, орыс халық ертегілерін жарыққа шығарды.

Бұл кітаптар әдеттегі түрде және ата-аналар, аталар мен әжелер, тәрбиешілер мен мұғалімдер, балабақшалар мен мектептер, демеушілер нақты балаға тілектерін айта алатын сый-жоралғы түрінде басылатын болады.

Республикамыздың оқу мекемелерінде бірінші сынып оқушыларына, мектеп бітірушілеріне, бірінші курс студенттеріне, мұғалімдерге ізгі тілектер жазылған кітаптарды сыйға тарту жақсы дәстүрге айналғаны игі болар еді.

«Jan’a bilim» компаниясының өнімдерін сатып алу мәселелері туралы нақты ақпаратты компания сайтындағы «Төлем және жеткізу» бөлімінен білуге болады.

Ойыншықтарды жасауда стилизацияны қолданбай, тарихи қалыптасқан дәстүр бойынша тек экологиялық тұрғыдан таза материалдардан жасау жоспарлануда.

Бұл жұмысқа керекті тапсырыстар ұсыну арқылы колледж бен ЖОО студенттері мен оқытушыларын тарту қажет деп санаймыз.

Біздің компания жемісті және өзара тиімді ынтымақтастыққа ашық және республикамыздың оқу мекемелерінің жұмысын жақсартуға мүдделі және мектеп ассортиментінде тауарлар шығаратын барлық ұйымдарды өзара әрекеттесуге шақырады.


Біз Сіздің барлық ұсыныстарыңызды қарастыруға дайынбыз.
Біз ынтымақтастыққа дайынбыз.

Ізгі тілектермен,
«Jan’a bilim» компаниясының негізін қалаушылар:

Ермек Қасымбеков,
«Назарбаев Зияткерлік мектептері»
ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының
2011-2018 жж. бірінші директоры

Қаныбек Жұмашев,
«Nur Otan» партиясының хатшысы
Қазақстан Республикасы Білім берудің құрметті қызметкері


 

Jan’abilim.kz - «JAN’A BILIM» компаниясының ресми интернет ресурсы және көркем, ғылыми-танымдық, әрі балалар мен кәсіби әдебиеттерін сатуға арналған дүкен.




 

БІЗДІҢ МҰРАТЫМЫЗ:


Қазақстанның іргелі мемлекет ретіндегі ұстанымын көрсете отырып, қазақ халқы мен республикада тұратын басқа да халықтардың мәдениетін, тарихы мен ұлттық салт-дәстүрін үйлестіре отырып, дамытуды көздейміз. Ұлы даланың тарихи тұлғалары жайлы, еліміздің педагогтерін әдістемелік қолдауға қатысты әдебиеттер шығару, «Балалық шақтың ұлттық субмәдениеті» ұлттық индустриясын құру.


МАҚСАТЫ:


Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде көркем, ғылыми-танымдық, балалар мен кәсіби әдебиеттерді жаңа форматта әзірлеу, дизайнын жасау әрі шығару бойынша кешенді қызмет көрсету, баспа өнімдерінің сапасы мен полиграфиялық орындалуын қамтамасыз ету.
 






 

БАСПА ӨНІМДЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ:


* АНЫҚТАМАЛЫҚ * ЭНЦИКЛОПЕДИЯ * СӨЗДІК * НҰСҚАУЛЫҚ * БРОШЮРА * БАЛАҚАЙ-КІТАПША * ЖУРНАЛ * ТРАКТАТ * ОЧЕРК * МЕМУАР * МОНОГРАФИЯ * АНТОЛОГИЯ * ӨЛЕҢДЕР ЖИНАҒЫ * ОҚУ ҚҰРАЛЫ * ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ * ЕРТЕГІ * ӘҢГІМЕЛЕР * БОЯУЛАҒЫШ * АЛЬБОМДАР * CD-ДИСКІ * ЖАПСЫРМА МАГНИТТЕР *
Біз Сіздерге қызмет етеміз, Біз Сіздермен бірге жұмыс істейміз.

«Jan’a bilim» компаниясы еліміздің рухани жаңғыруына өз үлестерін қосу мақсатында қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде мазмұны бай, заманауи безендірілген, жаңа үлгідегі кітаптарды жарыққа шығарды.

Баспамыздан шыққан кітаптарға Назарбаев Университеті «Рухани жаңғыру» мәдени орталығы да пікір хат арқылы оң бағасын берді.

Соңғы қоңырау салтанатында ұстаз бен шәкірттің, аға буын мен кейінгі толқынның арасындағы рухани сабақтастықты дәріптейтін жарасымды дәстүрге жол салынса деген ұсынысымыз бар. Ұстаздар жас түлектерге арнап «Жастық шақта жалында» атты Елбасының сүйікті өлеңдерінен басталатын танымал ақындардың үш тілдегі өлеңдер жинағын сыйға тартса, жас түлектердің ұстаздарына «Мұғалім кітапханасы» топтамасы аясында жарық көрген әл-Фарабидің «Ақыл мен ғылым туралы», М. Жұмабаевтың «Педагогика», Ж. Аймауытовтың «Психология» кітаптарын, «Ұлы даланың ағартушылары», «Педагогиканың көрнекті қайраткерлері» жинақтарын тарту етсе, ал бастауыш сыныпты бітірген түлектерге «Ы. Алтынсариннің әңгімелері мен ертегілерін», ал бала бақшаны аяқтағандарға «Қазақстан халқының ертегілері» топтамасы сыйға тартылса есте қалатындай ізгілікті іс болар еді.

Біз Сіздерге қызмет етеміз, Біз Сіздермен бірге жұмыс істейміз!




Санат
Мұғалім көмек
Мұғалімдер кітапханасы
Қазақстан халықтарының ертегілері
Білім берудегі инновация

Жалпы
Біз туралы
Ынтымақтастық
Ақы төлеу және жеткізу
Байланыс
Менің аккаунтым
Профилі
Тапсырыстар
Таңдаулы



© Copyright 2018 - 2019
Janabilim.kz
ТОО «Jan’a bilim»